Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының, оның ішінде әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігі сомасының 50 пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
2. «Успен ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Н. Мақашев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.