Тереңкөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 4 «Тереңкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Тереңкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауданы әкімінің «Тереңкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 147689 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 296 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 296 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Зеленая Роща ауылы, Целинная көшесі, құрылыс 4, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Зеленая роща негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Береговой ауылдық округі Зеленая Роща ауылының аумағы.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А. Маңғұтов
«КЕЛІСІЛДІ»
Тереңкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.