Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2016 ж.

    Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Күші жойылды деп танылсын:

    1) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 446 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 2 қарашада № 9-16-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 қарашада № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған);

    2) «Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қантардағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 7 ақпандағы № 9-16-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 ақпанда № 5 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған);

    3) «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 300 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 24 қазандағы № 3854 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 қарашада № 5 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған).

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Т. Даиров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.