Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 5С-42-3 «Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 сәуір 2016 ж.

    Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 5С-42-3 «Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің күшін жою туралы

    2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 5С-42-3 «Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4977 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 қыркүйегінде «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

    Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы

    Қ. Құсайынов

    Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы

    Б. Жанәділов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.