«Жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттардың мiндеттi түрде алыну мен жойылу Актiлер формасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 328 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттардың мiндеттi түрде алыну мен жойылу Актiлер формасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 328 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2395 болып тіркелген, «Официальная газета» газетінің 2003 жылғы 19 шілдедегі № 29 (134) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
А. Мамытбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.