Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-7/278 қаулысының күші жойылған деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-157 тіркелген, «Сандықтау вести» газетінде 2012 жылдың 24 тамызында жарияланған») 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-7/278 қаулысы күшін жойған деп танылсын.
2. «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі
А. Исмағамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.