Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 452 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» және «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңын басшылыққа алып, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2014 жылдың 19 желтоқсандағы «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» №452 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3773 тіркелген, 2015 жылғы 16 ақпандағы «Ауыл айнасы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды алу аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері А.Тасжановаға тапсырылсын.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Берденовке жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Н.Құтхожин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.