2016 жылғы егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    2016 жылғы егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2016 жылғы егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.

    2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсiн.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкiмi

    С. Әлиев

    2016 жылғы 19 сәуірдегі № 89

    Тасқала ауданы әкiмдiгiнiң

    қаулысына қосымша

    Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2016 жылғы егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

    Дақылдардың түрлері
    Оңтайлы мерзімдері
    басталуы
    аяқталуы
    3 құрғақ дала аймағы
    1
    Жаздық бидай
    1 мамыр
    10 маусым
    2
    Жаздық арпа
    1 мамыр
    1 маусым
    3
    Тары
    10 мамыр
    10 маусым
    4
    Күнбағыс
    10 мамыр
    10 маусым
    5
    Күздік бидай
    10 тамыз
    10 қыркүйек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.