Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қыркүйек 2019 ж.

    Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы

    «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

    2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

    Ә. Исекешев

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің 2016 жылғы

    30 наурызға № 303 бұйрығымен

    бекітілген

    Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі

    Ба­ға­лы ме­тал­дар­ды
    өн­ді­ру субъ­ек­ті­ле­рі­нің
    ата­уы
    БСН
    Ор­на­ла­су ор­ны
    Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны
    Элек­трон­дық по­шта­сы, факс
    Тех­но­ло­гия-лық опе­ра­ци­я­лар-дың түр­ле­рі
    Құ­ра­мын­да ба­ға­лы ме­тал­да­ры бар ши­кі­зат та­у­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі
    1
    «Каз­цинк» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    970140000211
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы, Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Өс­ке­мен қа­ла­сы, Про­мыш­лен­ная кө­ше­сі, 1 үй.
    8 (7232) 291001
    kazzinc@​kazzinc.​com,
    8 (7232) 291355
    қай­та өң­деу (бай­ы­ту, алу);
    аф­фи­на­ж­дау
    өң­дел­ме­ген ба­ға­лы ме­тал­дар (оның ішін­де, құй­ма тү­рін­де­гі До­ре қо­рыт­па­сы, ка­тод­ты ме­тал­дар), мы­рыш шө­гін­ді­ле­рі;
    зер­гер­лік бұй­ым­дар­дың сы­нық­та­ры;
    ба­ға­лы ме­тал­дар­дың кен­де­рі мен кон­цен­трат­та­ры;
    құ­ра­мын­да ба­ға­лы ме­тал­дар бар тү­сті ме­тал­дар­дың кен­де­рі, кон­цен­трат­та­ры және кү­лі, тү­сті ме­тал­дар өн­ді­рі­сі­нің жар­ты­лай өнім­де­рі
    2
    «Kazakhmys Smelting (Қа­зақ­мыс См­эл­тинг)» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    110440001807
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы, Ка­ра­ған­ды об­лы­сы, Бал­қаш қа­ла­сы,
    Ле­нин кө­ше­сі,
    1 үй.
    8 (71036) 62255
    Dinara.​Bo@​kaz​akhm​ys.​kz
    8 (71036)
    63478
    қай­та өң­деу
    (бай­ы­ту, алу);
    аф­фи­на­ж­дау
    өң­дел­ме­ген ба­ға­лы ме­тал­дар (оның ішін­де, құй­ма тү­рін­де­гі До­ре қо­рыт­па­сы, ка­тод­ты ме­тал­дар), мы­рыш шө­гін­ді­ле­рі;
    зер­гер­лік бұй­ым­дар­дың сы­нық­та­ры;
    ба­ға­лы ме­тал­дар­дың кен­де­рі мен кон­цен­трат­та­ры;
    құ­ра­мын­да ба­ға­лы ме­тал­дар бар тү­сті ме­тал­дар­дың кен­де­рі, кон­цен­трат­та­ры және кү­лі, тү­сті ме­тал­дар өн­ді­рі­сі­нің жар­ты­лай өнім­де­рі
    3
    «Тау-Кен Ал­тын» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    091240012920
    Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А194 көшесі, 1-үй.
    8 (7172) 30 94 24
    info@​tau​kena​ltyn.​kz
    8 (7172) 30 94 24
    аф­фи­на­ж­дау
    өң­дел­ме­ген ба­ға­лы ме­тал­дар (оның ішін­де, құй­ма тү­рін­де­гі До­ре қо­рыт­па­сы, ка­тод­ты ме­тал­дар), мы­рыш шө­гін­ді­ле­рі;
    зер­гер­лік бұй­ым­дар­дың сы­нық­та­ры

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.