Атбасар ауданы мәслихатының кейбір шешімдері күшін жойды деп тану туралы
«Нормативтік актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының келесі шешімдері күші жойылды деп танылсын:
1) Атбасар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С 28/6 «Атбасар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикетттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 тіркелген, 2014 жылдың 5 желтоқсанда «Атбасар» және «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі;
2) Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 5С 32/12 «Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 тіркелген, 2015 жылдың 3 шілдеде «Атбасар» және «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне еңіп және қолданысқа енгізіледі
Сессия төрағасы, Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Борұмбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.