Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы «Бәйдібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балалардың жалпы білім беретін мектептерге тасмалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» №459 қаулысының күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы «Бәйдібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балалардың жалпы білім беретін мектептерге тасмалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» №459 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3445 тіркелген,) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жанғазиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі:
Б.Көшербай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.