Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарда дивидендтерді есептеу мәселелері туралы
Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарды одан әрі дамытуды ынталандыру, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарға қоғамның таза кірісінің 10 пайызын 2000-2003 жылдар кезеңіне дивидендтер төлеуге бағыттауға рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
1) мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен жетілдіруге бағыттауды қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.