Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

    1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

    1) көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:

    реттік нөмірі 5-жолдағы 3-баған "уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою" деген сөздермен толықтырылсын;

    2) көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде:

    "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі" деген І бөлімі мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

    "25. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.";

    "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:

    "21. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.";

    "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

    "9. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.".

    2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.