Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың 2001 – 2002 жылдарғы арналған облыстық бағдарламасы туралы
Облыстық индустрия, сауда және кәсіпкерлікті дамыту департаменті бастығының орынбасары Т.Т. Жайлиннің "Шағєын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың 2001 - 2002 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы" хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың 2001 - 2002 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы бекітілсін.
2. Облыстық индустрия, сауда және кәсіпкерлікті дамыту департаменті (Әлимусин Ш.Д.) жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық Мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П.) баңдарламаның жүзеге асырылуы туралы хабарлайтын болсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П.) жүктелсін.
II сайланған облыстық Мәслихаттың
ХІІ сессиясының төрағасы
О. Қайыргельдинов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Т. Айтқазин
Облыстық Мәслихаттың
2001 жылғы 25 мамырдағы
шешiмiне қосымша
Облыста шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен мемлекеттiк қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Паспорт
Атауы Облыста шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен мемлекеттiк қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеудiң негiзi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы № 131-1
Заңы.
Негiзгi әзiрлеушiлер Павлодар облысы индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментi.
Мақсаты Шағын кәсiпкерлiктi серпiндi және сапалы дамытуды қамтамасыз ету. Шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторының дамуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жүзеге асыру.
Мiндеттерi Шағын кәсiпкерлiктiң оңтайлы салалық құрылымына қол жеткiзу;
өндiрiстi ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгiзу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау мәселелерiндегi үкiметтiк емес ұйымдардың рөлiн күшейту;
шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторын басым дамыту;
кәсiпкерлердi ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру және дамыту;
шағын кәсiпкерлiк қызметiнiң кейбiр аспектiлерiнiң салалық және салааралық қауымдастықтар арқылы мемлекеттiк реттеуден өзiн-өзi реттеуге, "мемлекет - кәсiпкерлiк бiрлестiктер" әрiптестiк қатынастар жүйесiн құруға бiртiндеп ауысуы;
шағын кәсiпкерлiкке кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктерiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру
Негiзгi бағыттары Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi ұйымдастыру шаралары;
қаржы-несиелiк және инвестициялық қолдау;
өндiрiстiк және жаңартпашылық қолдау;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау жүйесiнiң инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
шағын кәсiпкерлiктi кадрлармен және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.
Қаржыландыру көздерi Бағдарламаның iс-шаралары қамтамасыз ету облыстық бюджет қаражаттары, сондай-ақ қарыздар мен мемлекеттiк заттай гранттар есебiнен қаржыландырылатын болады
Күтiлетiн нәтижелер Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санын 2002 жылдың аяғына қарай 17,4 мың кәсiпорынға дейiн көбейту;
өндiрiстiк, қаржылық, єылыми-техникалық, аграрлық, қызметтер көрсету және шаєын кәсiпкерлiктiң басқа қызмет салаларында оңтайлы ара қатынастарєа жету;
жаңа жұмыс орындарын құру және шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың санын 43,2 мың адамға дейiн көбейту, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң товарлар (жұмыстар және қызмет көрсетулер) өндiрiсiнiң көлемiн жылына 19197,3 млн.теңгеге дейiн ұлғайту.
1. Кiрiспе
Шағын кәсiпкерлiктi 1992 - 2000 жылдар аралығында дамыту мен мемлекеттiк қолдау бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен жетiлуiнiң негiзi қаланды.
Салыстырмалы аз инвестициялары мен тәуекелдiгiне қарамастан шағын кәсiпкерлiк экономикасының икемдiлiгi шектеулi мерзiмде қазiргi жағдайды, ең алдымен, товар айналымының саласын өзгерттi және тұрақтандырды.
Соңғы жылдары шағын кәсiпкерлiктi дамытуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және дамытуды жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" № 3398 және 1998 жылғы 27 сәуiрдегi "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiкпен айналысуға құқықтарын қорғау туралы" № 3928 Жарлықтары жақсы қарқын бердi.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" № 131-1 Заңының; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 - 2002 жылдарға арналған iс-қимылдар бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" қаулысының негiзiнде " әзiрлендi.
2. Мәселенiң қазiргi жағдайының талдауы
Қазiргi кезде республикада экономиканың кәсiпкерлiк секторын ойдағыдай дамытуға негiздер бар. Облыста шағын бизнестi дамытуға құрылған заңнамалық негiз ынталы әсер еттi. Бұл - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" № 131-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және дамытуды жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" № 3398, 1998 жылғы 27 сәуiрдегi "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқықтарын қорғау туралы" № 3928 Жарлықтары.
2000 жылы шағын бизнеске қолайлы жағдайлардың жасалып жатқаны кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiктерiнiң көрсеткiштерiнде көрiнiс бередi. Алдыңғы бағдарламаны (1999 - 2000 жж.) жүзеге асыру кезеңiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2001 жылғы 1 қаңтарда 14681 болды, немесе 1999 жылғы 1 қаңтардағы деңгейiнен 16,1% жоғары болды.
Кәсiпкерлiкпен айналысатын облыс тұрғындарының жалпы саны 41,2 мың адам, немесе облыс экономикалық белсендi тұрғындары жалпы санының 10,0% құрады. 2000 жылы шағын бизнеспен айналысатындардың жалпы саны 1854 адамға өстi.
Облыста кәсiпкерлiктi дамыту беталысының талдауы әлеуметтiк шиеленiстi төмендетудiң негiзгi факторларының бiрi, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету негiзi, нарықты әр түрлi товарлармен, қызмет көрсетулермен толықтыру болып табылатын облыста шағын бизнестi дамытудың серпiндi-әрекеттi түрiн көрсетедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi 2000 жылы 18283,2 млн.теңге сомасына өнiм өндiрдi және қызметтер көрсеттi, бұл 1999 жылғы 1 қаңтардағы деңгейiнен 1,6% жоғары.
Шағын кәсiпкерлiктi жаңа жұмыс орындарын құру, нарықты отандық товарлар және қызмет көрсетулермен толықтыру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң жаңартпашылық белсендiлiктерiн арттыру мақсатында дамыту, дамыған елдердiң тәжiрибесiне қарағанда, мемлекеттiк қолдаудың арнайы шараларынсыз мүмкiн емес.
1999 - 2000 жылдарға арналған бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыру барысында басты назар, ең алдымен, шағын кәсiпкерлiктi дамытуды тежеп отырған проблемаларды шешуге бағытталған:
шағын кәсiпкерлiктi қолдауға арналған инфрақұрылым объектiлерi жүйесiнiң әлсiз дамуы;
бастапқы капитал мен меншiктi айналым қаражаттарының жеткiлiксiздiгi;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жеңiлдетiлген несие қорларына қол жеткiзулерiнiң шектеулiгi;
шағын бизнеске кадрлар даярлау және ақпараттық қолдаудың құрылымдық жүйесiнiң жоқ болуы;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау жөнiндегi заң және нормативтiк кесiмдердiң орындалуына бақылау жасау нысандарын әрi қарай жетiлдiрудiң қажеттiлiгi.
Шағын бизнестi қаржылық қолдаудың аса маңызды құралдарының бiрi экономиканың осы секторына несиелер мен инвестицияларды белсендi тарту болып табылады. Облыстағы кәсiпкерлiктi қаржыландыруда екiншi деңгейдегi банктер елеулi роль атқарады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелендiру мониторингi 2000 жылы екiншi деңгейдегi банктердiң шағын бизнеске бағытталған қаражаттары 5175 млн.теңге, бұл 1999 жылдың деңгейiмен салыстырғанда 6,3 есе жоғары екендiгiн көрсетедi.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту қорының желiсi бойынша 2000 жылы облыстық бюджет қаражаттарынан 78,3 млн.теңге сомасына 25 бизнес-жобалар несиелендiрiлдi. Банк-агенттiгiмен ортақ қаржыландырудың арқасында инвестициялардың жалпы сомасы 111,9 млн.теңге құрады, бұл 328 жаңа жұмыс орындары құруға ықпал еттi.
Шағын кәсiпкерлiкке қаржылық қолдау көрсетуү үшiн басқа инвестициялық көздердiң қаражаттары тартылды. Яғни, Европа жаңғыру және даму банкiсiнiң жүйесi бойынша 2000 жылы 258,3 млн.теңге сомасына шағын бизнес субъектiлерiнiң 302 жобасы несиелендiрiлдi.
Шағын кәсiпкерлiктi, әсiресе өндiрiс саласында, мемлекеттiк тапсырыс тетiгi есебiнен қолдау мемлекет тарапынан ынталы әсер ету спектрын едәуiр кеңейтедi. 2000 жылы өткiзiлген мемлекет мұқтаждарына товарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу жөнiнде өткiзiлген 30 облыстық тендерге (конкурстарға) 125 шағын кәсiпкерлiк субъектiлер қатысты, бұл қатысушылардың жалпы санының 88 % құрады. Конкурста 67 кәсiпкер жеңiп шықты. Олардың сатып алу көлемi 181,9 млн.теңге құрады, немесе мемлекеттiк сатып алудың жалпы көлемiнiң 64 %-ы.
Кәсiпкерлiк негiздерiне даярлау және оқыту үшiн тиiмдi инфрақұрылым құру мен дамытуға үлкен көңiл бөлiндi. Осы мақсатта 2000 жылы (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне оқыту, ақпараттық және консалтингiлiк қызметтер көрсетуге мемлекеттiк тапсырыс беру негiзiнде) облыстық бюджеттен 2,5 млн.теңге сомасында қаражат бөлу көзделген.
Мемлекеттiк тапсырысты орындаушы "Стиль" ЖШС, "Павлодар облысы кәсiпкерлерiнiң Форумы" қауымдастығы және "Екiбастұз қалалық бизнес-инкубатор" ЖШС конкурстың бұл шарттарын орындап шықты. 4400 кәiпкер оқытудан өткiзiлдi, оларға қажеттi кеңестер, ақпараттық қызметтер көрсетiлдi. Қала кәсiпкерлерiне көрсеткен оқыту қызметтерiнен басқа, Железинка, Қашыр, Ертiс және Ақтоғай аудандарының 1379 ауылдық кәсiпкерлерiне консалтингiлiк қызметтер көрсетiлдi.
3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты шағын кәсiпкерлiктi серпiндi және сапалы дамытуды қамтамасыз ету, шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторын дамытуды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi оның түпкi мақсатымен анықталады және шаєын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тұрақты қызмет етуi үшiн мынадай жолдармен қолайлы жағдайлар жасау арқылы шешiледi:
өндiрiстi ұйымдастырудың жаѕа нысандарын енгiзген кезде тұрєындарды жұмыспен қамтамасыз ету;
шағын бизнестiң өндiрiстiк секторын басым дамыту;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сыртқы өткiзу нарығына шығару, отандық өнiмнiң бәсекелестiгiн көтеру, сондай-ақ сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және басқа байланыстар арқылы товарларды өткiзу көлемдерiн ұлғайтуына көмектесу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ақпарат ресурстарына қол жеткiзулерiне жағдайлар жасау арқылы кәсiпкерлердi ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру және дамыту;
шағын кәсiпкерлiкке кадрлар даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктерiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру;
сапалы отандық өнiмдi бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, атқарушы органдардың iшкi рынокта сапасыз товарлар өндiруден, әкелуден және сатудан қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметтерiн жария ету;
шағын кәсiпкерлiк қызметiнiң кейбiр аспектiлерiнiң салалық және салааралық қауымдастықтар арқылы мемлекеттiк реттеуден өзiн-өзi реттеуге, "мемлекет - кәсiпкерлiк бiрлестiктер" әрiптестiк қатынастар жүйесiн құруға бiртiндеп ауысуы;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау мәселелерiндегi үкiметтiк емес ұйымдардың атқаратын ролiн күшейту;
4. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны жүзеге асыру тетiктерi
Қол жеткен оң беталыстарды пысықтау және кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi жасайтын проблемаларды жою мақсатында. Бағдарламада негiзгi бағыттар бойынша бiрқатар iс-шаралар тобын iске асыру көзделiп отыр.
Бағдарламаның iс-шаралары облыс қалалары мен аудандарының салалық және жергiлiктi бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыру арқылы облыстық сияқты аймақтық деңгейде де iске асырылады.
қаржы-несиелiк және инвестициялық қолдау
2001 - 2002 жылдары шағын кәсiпкерлiктi қаржы-несиелiк және инвестициялық қолдау мынадай тетiктердi қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады:
облыстық бюджеттiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға бағытталған қаражаттарын игеру, өндiрiстi және қызметтер көрсету саласын дамытуға бағытталған көкейкестi жобаларды 64,5 млн.теңге мөлшерiнде ортақ қаржыландыру;
экономикасы тоқыраулы аудандарда кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған, шаєын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау үшiн облыстық бюджеттен бөлiнген ақша қаражаттарын (жылына ауданға 5 млн.теңге) игеру;
шағєын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелендiрудi талдау мақсатында екiншi деңгейдегi банктермен өзара iс-қимыл жасасу;
облыс қалалары мен аудандарында кәсiпкерлiктi қолдау, көкейкестi жобаларды ортақ қаржыландыру нысандарын және тұрғындарды шағын несиелендiру инфрақұрылымын дамыту;
Баянауыл ауданының туристiк бейнесiн және қолөнермен айналысатын кәсiпорындарын, ауыл шаруашылық товарларын өндiрушiлерiн дамытуға бағытталған жобаларға нысаналы қолдау көрсету;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелендiрген кезде кепiлдiк қамтамасыз ету ретiнде қолдану үшiн коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн жасау.
Өндiрiстiк және жаңартпашылық қолдау 2001 - 2002 жылдары өнiмдi өндiруге, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi орындауға мемлекеттiк сатып алулар орналастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеңiлдiктер беру тәжiрибесi жалғасын табатын болады.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау салалық және жергiлiктi бағдарламаларын әзiрлеуде және шағын бизнестi тарту ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу, iрi кәсiпорындардың айналасындағы қызмет көрсететiн инфрақұрылымды дамыту сияқты бағыттарда қосымша жұмыс орындарын құру үшiн облыстыұ өндiрiстiк әлеуетi есепке алынды. Қолөнер өндiрiсiн дамыту халық тұтынатын товарлардың әр түрлерiн шығаруды кеңейтуге және халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз етуiне ықпал етедi.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау жүйесi инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту Кәсiпкерлiктi қолдау нарықтық инфрақұрылымын ойдағыдай дамыту мақсатында облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментi кәсiпкерлiк негiздерiне оқытатын және еңбек нарығында сұранысқа ие қолөнер мамандықтарын игеруге мүмкiндiк беретiн бизнес-инкубатор элементтерi бар кәсiпкерлiктi және қолөнершiлiктi дамыту орталығын құруға ынта бiлдiрiп отыр. Болашақта орталықтың қызметi шағын кәсiпкерлiктi дамыту беталысын зерделеу, шағын бизнес субъектiлерiнiң аз игерiлген салаларын айқындау және осы салалардағы шешiмдердi қабылдау, облыс қалалары мен аудандарының бизнес-инкубаторларын құруды жандандыру жиынтығымен тығыз байланысты болады.
Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорєау және шағын бизнестi қолдаудың тиiмдi нысандарын дамыту мақсатында облыс әкiмi жанындаєы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi Комиссия, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарының сондай комиссиялары жұмыстарын әрi қарай жалғастырады.
Қаржыландыру көлемi мен көздерi Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету облыстық бюджет қаражаттары (2001 жылға бөлiнген 85134 мың теңге сомасында), республикалық бюджеттiң мақсатты қаражаттары, сонымен қатар қарыздар, мемлекеттiк заттай гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарлама тиiмдiлiгiнiң бағасы Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыруда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiѕ жұмыс iстеп тұрғандарын сақтау және жаңадан құру үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз ету көзделiп отыр, бұл шағын кәсiпкерлiк саласында 2002 жылдың аяғына дейiн жұмыс орындарының санын 43200 адамға арттыруға ықпал ететiн болады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң товарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндiрiсiнiң көлемi 2002 жылдың аяғына дейiн 20843 млн.теңгеге немесе 2000 жылғы деңгейден 14%-ға өсуi керек.
Көзделiп отырған шараларды жүзеге асыру облыстық құрылымдардың мүдделерi Бағдарламаны әзiрлеудiң негiзiне алынып отырған, кәсiпкерлермен өзара iс-қимылдарын күшейтуiне ықпал ететiн болады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.