Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туризм мен демалысты кешенді дамытудың 2001 – 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 мамыр 2001 ж.

    Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туризм мен демалысты кешенді дамытудың 2001 – 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы

    Облыстық туризм және спорт департаменті бастығының орынбасары В.М. Кондратенконың "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туризм мен демалысты кешенді дамытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы" хабарламасын тыңдап және талқылап облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туризм мен демалысты кешенді дамытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) - бекітілсін.

    2. Облыстық туризм және спорт департаменті (Шнейдмюллер А.В.) жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы хабарлайтын болсын.

    3. Облыстық қаржы департаменті жыл сайын облыстық бюджетті құрастырғанда бағдарламаны жүзеге асыру үшін тиісті қаржы қарастыратын болсын.

    4. Осы баєдарламаның орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсін.

    II сайланған облыстық Мәслихаттың

    ХІІ сессиясының төрағасы

    О. Қайыргельдинов

    Облыстық Мәслихаттың хатшысы

    Т. Айтқазин

    Павлодар облыстық

    мәслихатының 2001 жылғы

    25 мамырдағы шешіміне

    қосымша

    Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң аумағында туризм мен демалысты кешендi дамытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы

    Паспорт

    Атауы Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң аумағында туризм мен демалысты кешендi дамытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы

    Әзiрлеудiң негiзi Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң аумағында табиғи ортаны қорғау, рекреациялық балансты қолдау және туризм мен демалыстың инфрақұрылымын әрi қарай жақсарту мақсатында

    Негiзгi Облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасы дайындаушылар (келiсiм бойынша), облыс туризм және спорт, қаржы, индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту, коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар, коммуналдық меншiк департаменттерi, қоршаған ортаны қорғау қоры, облыстық санитарлық- эпидемиологиялық станция (келiсiм бойынша), Баянауыл ауданының әкiмi, Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң (бұдан әрi - Парк) дирекциясы

    Мақсаты Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң табиғи ресурстарын сақтау және қалпына келтiру, сауықтыру, спорттық және танымдық туризмүүшiн жағдай жасау, экологиялық ағарту мен демалысты ұйымдастыру

    Мiндеттерi Табиғат қорғауды, оның жай-күйiне мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз ету;

    Парк аумағын көркейту;

    туризм мен демалыстың инфрақұрылымын ұлғайтуға инвестициялар қатыстыруды ынталандыру;

    қоршаєан ортаның жай-күйiне ғылыми мониторингтi ұйымдастыру;

    Парктiң табиғи ресурстарына рекреациялық жүктемелердi азайту;

    Парктiң өртке қарсы құрылымын жетiлдiру.

    Қаржыландыру Облыстық бюджет, оның iшiнде облыстық қоршаған ортаны көздерi қорғау қоры, Баянауыл ауданының бюджетi, Парк пен демалыс орындарының қаражаттары осы Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көздерi болып табылады.

    Күтiлетiн Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде Парктiң Нәтижелер инфрақұрылымын ұлғайту үшiн инвестициялар қатыстыруды қамтамасыз ету, 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын құру, аумақты көркейту, Парк табиғатын қорғау, оның табиғи ресурстарына рекреациялық жүктемелердi азайту, туристерге сервистiк қызмет көрсету сапасын арттыру, жергiлiктi бюджетке түсетiн кiрiстердi өсiру, Парктiң жай-күйiне мемлекеттiк бақылау жасауды ұлғайту, орманды жаңғырту және бүлiнген экожүйелердi қалпына келтiру көзделуде

    1. Кiрiспе

    Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметi мәжiлiсiнiң 2000 жылғы 22 тамыздағы "Қазақстан Республикасында туризмдi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" № 21 хаттамасына сәйкес дайындалды.

    Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары оның негiзi болып табылады.

    Парктегi реформалардың жаңа кезеңi оны дамыту және демалушыларға бар сервистiк қызмет көрсетудi жақсарту және табиғи кешендi, материалдық-техникалық базаны ўтымды пайдалану, туристiк маршруттарды ашу және көркейту үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталуы керек.

    2. Қазiргi жай-күйдi талдау.

    Мәселелер

    Баянауыл Паркi 1985 жылғы 12 тамызда құрылды. Парктiң аумағы - 51 мың гектар. Парк табиғат қорғау мекемесiнiң дәрежесi және аймақтар бойынша жiктелген қорғау режимдерi бар ерекше қорғалатын аумақ болып табылады, оның мемлекеттiк маңызы бар. Ол өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң, су және басқа да табиғи қорлардың жай-күйiне, қалпына келуiне, қорғалуына, сақталуына және пайдалануына мемлекеттiк бақылау жасайды.

    Жыл сайын орман шаруашылығы жұмыстарын ғана жүргiзу үшiн шамамен 5 млн. теңге, өрттен қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн 15 млн. теңге қажет. Жалпы барлық жоспарлы жұмыстарды дер кезiнде және сапалы орындау үшiн жыл сайын қажеттi қаражат (Парк қызметкерлерiнiң еңбекақысы мен коммуналдық төлемдердi ескермегенде) 20 миллионнан аса теңгенi құрайды. Соңғы 15 жыл iшiнде республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат еңбекақыға ғана жұмсалуда. Қажеттi материалдық-техникалық базаның жоқтығында Парктiң (нормадан) төрт есе қысқарған штаты алдында тұрєан мiндеттердi толық көлемде атқара алмайды. 1995 және 1997 жылдары 30 пайыз орман алаңдарында болған әрi орман өрттерi жағдайды күрделендiре түстi.

    Бiрақ, қалыптасқан жағдайға қарамастан, Парктiң бiрегейлi табиғи сипаттары туризм мен демалысты дамыту үшiн әлеуеттi мүмкiндiк туғызуда. Барлық рекреациялық жүйе меншiктiң әр түрлi нысанындағы 21 ұйымның меншiгiндегi немесе жалдауындағы 23 мекеменi (3807 адамды) қамтиды. Мұнда 286 орындық турбаза, мектеп жасындағы балаларды сауықтыру үшiн 3 лагерь орналасқан. Жазғы маусымда осы жерлерде бiздiң облыс тұрғындары, сондай - ақ көршiлес аймақтардан да келген 50 мыңға дейiн адам, оның iшiнде 20 мыңға дейiн бала дем алады.

    Ғалымдар Парк аумағында демалушылардың санын 11 мыңға, оның ішiнде ұзақ демалыс мекемелерiнiң - 10 мыңға дейiн ұлғайту мүмкiндiгiн ұсынды, бұл жазғы кезде 80 мың адамды, оның iшiнде 40 мың адамды ұзақ демалыспен қамтамасыз етер едi. Мұның бәрiне жыл сайын табиғат қорғау iс-шараларын жүзеге асырған жағдайда ғана қол жеткiзуге болады. Осыны ескерiп, 1999 жылдың ақпан айында Парк аумағында туризм мен демалысты кешендi дамытудың 1999 - 2000 жылдарға арналєан бағдарламасы қабылданып, ол толығымен орындалды.

    Сонымен, бұл аймақ ұшiн сауықтыру саласы анықталып, бұл мамандану болашақта да сақталады.

    Бiрақ табиғи кешен бүгiн аумақты шаруашылық игеру жүгiн көтере алмауда, ол туындайтын табиғат қорғау iс-шаралары кешенiн жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражаттың жоқтығымен тығыз байланысты. Парктiң материалдық- техникалық базасы, шаруашылық сумен қамтамасыз ету және кәрiз жүйелерiнiң жұмысы, өмiрдi қамтамасыз ететiн жалпы санитарлық-гигиеналық жағдайлар түбегейлi жақсартуды талап етедi. Туристiк маршруттарды көркейту жүйесi толығымен реттелмеген және нашар ұйымдастырылған. Бұл шатырлар, тамақ дайындау орындарына алаңдар құруға және толыққанды демалыстың басқа да нәрселерiне қатысты.

    Телефон байланысы мен радиотеле хабарларын тарату жүйелерiнiң болуы Парктiң қаржы негiзiн ұлғайтып, оның әлеуеттi инвесторлар мен демалушылар үшiн тартымдылыєы арта түсер едi. Сондай-ақ орман тұқымдарын отырғызу, демалыс пен туризм аймағының барлық кешенiн салу және әлеуметтiк-тұрмыстық көркейту жұмыстары да маңызды болар едi.

    Осыған байланысты iске шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн мүмкiндiгiнше кең және жан-жақты қатыстыру, күш-жiгердi бiрiктiру, мүдделi ведомстволар мен демалыс базалары иелерiнiң, басқа да заңды тұлғалардың қаржы-материалдық қаражаттарын қосып, ақылы қызметтердi қарқынды ұлғайту маңызды болуда. Парктiң табиғи байлығын сақтау қорынан өсiру жөнiндегi ғылыми негiзделген ұсынымдар жасау үшiн Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мамандарын қатыстыру қажет.

    3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

    Сауықтыру туризм мен демалыс үшiн жағдай жасау, Парктiң табиғи қорын ұтымды пайдалану, сақтау және қалпына келтiру Бағдарламаның мақсаты болып табылады.

    Мыналар:

    табиғат қорғауды, оның жай-күйiне мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз ету;

    Парк аумағын көркейту;

    инфрақұрылымды ұлғайтуға инвестицияларды қатыстыруға ынталандыру;

    қоршаған ортаның жай-күйiне ғылыми мониторингтi ұйымдастыру;

    Парктiң табиғи қорларына рекреациялық жүктемелердi азайту;

    Парктi өрттен қорғау құрылымын жетiлдiру Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi болып табылады.

    4. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен жүзеге асыру тетiгi

    Басым мiндеттердi шешу үшiн Бағдарламада 2001 - 2005 жылдарға арналған iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделедi. Бұл мақсатта:

    қалыптасқан табиғат қорғау iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру, Парктiң материалдық-техникалық базасын, шаруашылық сумен қамтамасыз ету және кәрiз жүйелерiнiң жұмысын, өмiрдi қамтамасыз ететiн жалпы санитарлық- гигиеналық жағдайларды жақсарту, Парктiң табиғи қорының пайдаланылуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi жұмысты жандандыру;

    туризмнiң әр түрлi нысандарын (велосипед, ат, су) қарқынды дамыту, Парктiң көруге тұратын орындары бойынша жаңа туристiк маршруттарды ашып, бұрынғыларын жаңғырту қажет.

    5. Қаржыландыру ресурстары мен көздерi

    Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн жергiлiктi материалдық ресурстар, сондай-ақ облыстық бюджетте және Баянауыл ауданының бюджетiнде көзделген қаражаттар, кәсiпорындардың жеке қаражаттары, инвестициялар, қорлар мен жеке кәсiпкерлердiң Бағдарламаны жүзеге асыруға бөлетiн қаражаттары жұмсалады.

    6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже

    Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыру, Парктiң табиғи қорын пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз ету нәтижесiнде туризм және демалыстың қалыпты жұмыс iстейтiн жүйесiн құру, 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу, табиғи орта мен табиғи ландшафттарды сақтау және Парктiң рекреациялық жүктемелерiн азайту көзделедi.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.