Қостанай облысында нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасының орындалу барысы туралы
Қостанай облысында нашақорлық және ecipткi бизнесімен күресудің 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасын одан әpi icкe асыру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы бойынша iшкi icтep басқармасына (Н.М. Дейхин):
1) 2000 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда есірткілердің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі жекелеген көрсеткіштердің төмендегеніне назар аударсын (тартып алынған ecipткi заттарының 3,6 есе өcіп отырғанда және ашылған қылмыстардың 5 процент төмендегенінде, қылмысты және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың саны тиісті жағдайда 28 және 57 % төмендеген);
2) аймақтық бағдарламаның шеңберінде арнаулы бөлімдердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, штаттарын көбейтуге және қызметкерлерін оқытуға жыл басынан бepi 10 млн. теңгеден астам қаржы бөлінгенін ескере келіп, қажетті шаралар қабылдасын.
2. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) үстіміздегі жылдың аяғына дейін, ecipткiгe тәуелді аурулардың медициналық-әлеуметтік ақталу орталығын құрсын.
3. Қостанай облысының білім департаменті (Г.Е. Шек) үстіміздегі жылдың 1 қазанынан 10 желтоқсанына дейін өткізіліп жатқан «Оқушы облыстың білім жүйесінде» акциясының шеңберінде орта мектеп оқушыларының арасында есірткілерді медициналық емес тұтыну масштабына зерттеу жүргізсін.
4. Қостанай облыстық мәдениет басқармасы (Р.Е. Ғайсенова) үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін мектептер мен студенттік ұжымдарда, теледидар арқылы көрсету үшін хроникалды - деректі бейнероликтер серияларын жасауды аяқтасын.
5. Қостанай облысының қаржы департаменті (М.А. Щеглова) нашақорлық және ecipткi бизнесімен күресу жөніндегі аймақтық бағдарламамен қарастырылған ic-шаралардың толық көлемде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Ө. Шөкеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.