Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қазан 2001 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

    1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

    ІV "Шығыстар" бөлімінде:

    1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобының 2 "Қаржылық қызмет" ішкі функциясының 219 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әкімшісі бойынша 41 "Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы" бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

    "30 Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы 453 000 31 Кинологиялық орталық 22 000";

    2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

    ІV "Шығыстар" бөлімінде:

    1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобының 2 "Қаржылық қызмет" ішкі функциясының 219 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әкімшісі бойынша 41 "Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы" бағдарламасынан кейін:

    3-бағандағы "Мем. тапсырыс" деген сөздер алынып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

    "30 Кеден бекеттерінің және кеден органдары инфрақұрылымының құрылысы Мем. тапсырыс 31 Кинологиялық орталық Ұстау".

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.