«Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебінің тәртібін анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №34 қаулысының (Нормтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 наурыздағы № 3143 тіркелген, 2015 жылғы 16 наурыздағы № 12 «Акжарские вести» және №12 «Нурлы Ел» газеттерінде жарияланған) күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебінің тәртібін анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №34 қаулысының (Нормтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 наурыздағы № 3143 тіркелген, 2015 жылғы 16 наурыздағы № 12 «Акжарские вести» және №12 «Нурлы Ел» газеттерінде жарияланған) күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
С. Тұралинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.