Орал қаласындағы жылумен жабдықтау объектілерінде төтенше жағдайлардың туу қауіпінің алдын алу жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы
Қарашығанақ кен орнында кiдiрiстер болып, Орал қаласының жылумен жабдықтау объектiлерiне газ берудiң тоқтатылуына байланысты шаруашылық субъектiлерi мен әлеуметтiк сала объектiлерi жұмысында үзiлiстер болу қаупi туындап отыр.
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шiлдедегi № 19-1 Заңының 13, 19-баптарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыс орталығы Орал қаласын жылумен жабдықтау жөнiндегi жағдай төтенше деп жариялансын.
2. Жылу беру жөнiндегi төтенше жағдайларды жою мақсатында облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Нұрғалиев, облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) облыстан тысқары жерлерден құрғақ газ сатып алу үшiн жергiлiктi атқарушы органдар қорынан (ТЖ қоры) 62,5 млн. теңге қаржы қарастырсын.
3. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (Маючий) бөлiнген қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.К. Чудровке жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Қ.Көшербаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.