1974-1983 жылдарытуылған азаматтарды 2001 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қазан 2001 ж.

    1974 - 1983 жылдары туылған азаматтарды 2001 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан — желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлытына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындау түрғысында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

    1. Облыстық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы № 1 қосымшаға сай бекітілсін.

    2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері тиісінше шақыру комиссияларын құрсын және мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

    3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:

    1)әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, қажетті мөлшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушілер құрамын бөлсін;

    2)әскерге шақырылғандарды түрғылықты жерлерінен аудандық (калалық) әскери комиссариаттарға әкелуді және кері қайтаруды, сондай-ақ олардың әскери қызметке, жөнелтілуіне байланысты облыстық жиын пунктіне жеткізілуін қамтамасыз етсін;

    3)әскери комиссариаттарға шақыру қезеңінде кезекшілік ұйымдастыру үшін қажетті көлік бөлсін;

    4)мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын;

    4. Облыстық мәдениет басқармасы (Ж.Жонтаева) әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндері әскерге шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар үйірмелері мен творчестволық ұжымдардың концертін ұйымдастырсын. Шақыру кезеңінде облыстық жиын пунктінде әскери — патриоттық тақырыптардағы көркем суретті фильмдерді көрсетсін.

    5.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):

    1) шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық шақыру пунктіне жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын 2 қосымшаға сай, сондай — ақ аудандарға және Қызылорда қаласына жетіспейтін дәрігер — мамандарды бөлсін;

    2)медициналық комиссияларды қажетті медикаменттермен, медициналық құралдармен, филюорографиялық пленкамен және ЭКГ-ның қағаздарымен қамтамасыз етсін;

    3)аудандардағы және Қызылорда қаласындағы емдеу — профилактикалық мекемелерінде шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын;

    4)Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1995 жылғы № 61 бұйрығына сәйкес облыстық, аудандық, қалалық емдеу мекемелерінде шақырылғандардың ішіндегі ауруы барларын жатқызып емдеуге жатын койкалар санын бөлсін;

    5) облыстық жиын пунктін залалсыздандыру дезинфекциялау және санитарлық өндеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

    6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов), теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б. Есмаханов) және олардың жергілікті органдары:

    1)шақыру кезеңінде полиция наряды мен жол полиция инспекторларының, патрульдік автокөліктің кажетгі санын бөлсін, тұрғындардың көп жиналатын және әскерге шақырылғандарды тиеу мен тасымалдау кезіңде шығарып салушылар арасында қоғамдық төртіпті қамтамасыз етуге шара көрсін;

    2)міндетті әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін.

    7. Облыстық әділет басқармасы (А.Әлібаев) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты жөнін және азаматтық хал актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді жеті күн мерзімде әскери комиссариаттарға хабарласын.

    8.Облыстық прокуратураға (Қ.Төлегенов) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту ұсынылсын.

    9.«Автобус паркі» қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесі (Н.Нұрымбетов) облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариатына әскерге шақырылғандарды тасымалдау мен жөнелтуге қажетті көлік бөлу мәселесін шешсін.

    10.КРЭК акционерлік қоғамының қалалық электр жүйесі бөлімшесі (Ғ.Ибраев) облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариатына шақыру комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде электр жарығының үзілмей беріліп тұрылуна жәрдем көрсетсін.

    11.Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35 бабына сай әскери қызметке шақыруға байланысты бюджетте қаралған қаржымен уақытылы қаржыландырсын.

    12.Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да қызметкерлердің шақыруға байланысты атқарған жұмысы кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.

    13.Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық әскери комиссариат (С. Тоқманбетов), облыстық ішкі істер (Т. Рахимов), өділет (А.Әлібаев), денсаулық сақтау (Д.Дәулетбаев) басқармалары, теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б.Есмаханов) осы шешімді орындауда атқарылтан жұмыстар жайлы 2002 жылдың 5 қаңтарына облыс әкіміне хабарласын.

    14. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н.Ерімбетовке және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-қүқықтық жүмыстар бөліміне (Ә.Бәкіров) жүктелсін.

    ОБЛЫС ӘКІМІ

    С. НҰРҒИСАЕВ

    Облыс әкімінің2001 жылғы

    «5 » қазандағы№ 479

    шешіміне 1 косымша

    Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

    Н.Ерімбетов – облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

    С.Тоқманбетов - облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссары, комиссия төрағасының орынбасары

    Комиссия мүшелері:

    С.Тұңғышбаев - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары

    Ә.Ізтлеуов - облыстың бас терапевті

    М.Қаниев - облыстық әскери - дәрігерлік комиссиясының төрағасы

    А.Сансызбаева - облыстық Диагностикалық орталықтың аяжаны

    Облыс әкімінің 2001 жылғы

    « 5 » қазандағы №479

    шешіміне 2 косымша

    Облыстық шақыру пункті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссияның ҚҰРАМЫ

    М.Қаниев - комиссияның төрағасы

    Комиссия мүшелері:

    Б.Мантаев - облыстық медициналық орталықтың хирургі

    З.Берікболова - облыстық медициналық орталықтың терапевті

    Р.Ізнатова - облыстық Диагностикалық орталығының кардиологі

    Қ.Ізмағанбетов - облыстық Диагностикалық орталығының ЛОР-дәрігері

    О.Өмірзақов - облыстық медициналық орталығының невропатологі

    А.Әбішев - облыстық жүйке аурулары ауруханасының психиатры

    С.Мұстафаева - қалалық «Дента-люкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тіс дәрігері

    О.Смаханов - Казлепрозорийдің лепр.дәрігері

    И.Садықов - облыстық медициналық орталығының көздәрігері

    Л.Ким - облыстық наркодиспансердің наркологі М.Рысмаханов - облыстық медициналық орталығының травматологі

    Ж.Бодықов - облыстық өкпе аурулары диспансерінің фтизиатры

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.