Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

    «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шымкент қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2016 жылдың 1 мамырынан бастап 70 теңге көлемде белгіленсін.

    2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №195 «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-1-162 тіркелген, 2012 жылы 5 шілдеде «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жұматаевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Ғ. Әбдірахымов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Шымкент қалалық

    мәслихат хатшысы Н. Бекназаров

    «_____» наурыз 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.