Қорғалжын аудандық мәслихатының шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 7-бабына сәйкес, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 8/40 «Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (№ 5086 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік Тіркеу тізімінде тіркелген, 2015 жылдың 10 желтоқсанында «Нұр-Қорғалжын» аудандық газетте жарияланған шешімнің күші жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Қ. Жумабаев
Аудандық мәслихат хатшысы
Ө. Балғабаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.