Астрахан ауданындық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылуы туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 сәуір 2016 ж.

    Астрахан ауданындық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылуы туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Астрахан аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 5С- -42-6 «Астрахан ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдедегі аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешімі;

    2) Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-3 «Астрахан ауданының Астрахан селосы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырдағы аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешімі;

    3) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 5С-40-5 «Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-3 «Астрахан ауданының Астрахан селосы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырдағы аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешімі.

    2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді.

    Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрағасы, мәслихатының хатшысы

    М. Қожахмет

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.