Райымбек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы «Райымбек ауданы жерлерін аймаққа бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының базалық ставкаларын ықшамдаудың нақты мөлшерін бекіту туралы» № 34-169 шешімінің және 2015 жылғы 28 қазандағы «Райымбек ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 49-260 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 7 – бабының 5 – тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы «Райымбек ауданы жерлерін аймаққа бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының базалық ставкаларын ықшамдаудың нақты мөлшерін бекіту туралы» № 34-169 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 1наурызда № 2-15-83 болып енгізілген, аудандық «Хантәңірі» газетінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 11 санына жарияланған) шешімінің және Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы «Райымбек ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 49-260 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылғы 25 қарашада № 3582 болып енгізілген, аудандық «Хантәңірі» газетінің 2015 жылғы желтоқсандағы № 47 санына жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
__________________Б.Тілемісов
Аудандық мәслихаттың хатшысы
___________________Е.Құдабаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.