Әкімдіктің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 239 «2016 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 239 «2016 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6047 тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
В. Ионенко
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.