Қарасу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 37-бабынын 8-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарасу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А. Шәмшиев
Қарасу аудан әкімдігінің
2016 жылдың 21 сәуірдегі
№ 83 қаулысына қосымша
Қарасу ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 193 «Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымдағы № 9-13-152 тiркелген, 2012 жылғы 20 маусымдағы «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жарияланған).
2. Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 194 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымдағы № 9-13-153 тiркелген, 2012 жылғы 20 маусымдағы «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.