Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 121 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3913 тіркелген, 2014 жылғы 3 маусымдағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 «Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 121 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4040 тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 110 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Ақтөбе облысының әкімі
Б. Сапарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.