Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

    «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті:

    1) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.

    4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

    Е. Ыдырысов

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Инвестициялар

    және даму министрі

    А. Исекешев_________________

    2016 жылғы 11 наурыз

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    2016 жылғы 29 қаңтардағы

    № 11-1-2 / 28

    бұйрығымен бекітілген

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

    Ашық мә­лі­мет­тер жиын­тығ­ы­ның ата­уы
    Өзек­ті­лік мер­зі­мі
    Ақ­па­рат­ты ор­на­ла­сты­ру мер­зі­мі
    Де­реккөз
    Жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ак­кре­дит­те­лін­ген шет мем­ле­кет­тер­дің ел­ші­лік­те­рі мен кон­сул­дық­та­ры ту­ра­лы де­ректер (өкіл­дік­тің елі, ұй­ым­ның тү­рі, ұй­ым­ның то­лық ата­уы, ор­на­лас­қан қа­ла­сы, ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, ре­сми сай­ты, элек­трон­дық по­шта­сы, ви­за­лар бе­рі­ле­тін ел­дер (қо­са ат­қа­ру бой­ын­ша)
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны (бұ­дан әрі-АЖО)
    Мем­ле­кет­тік про­то­кол қыз­ме­ті, Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­ті
    2.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры үшін шет мем­ле­кет­тер­мен ви­за­лық және ви­за­сыз тәр­тіп
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­ті
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ви­за­ла­ры (са­на­ты, алушы­лар, мәр­те­лі­гі, қол­да­ны­лу мер­зі­мі, бо­лу ке­зе­ңі, ви­за бе­ру негіз­де­рі)
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­ті
    4.
    Кон­сул­дық іс-әре­кет­тер үшін алы­на­тын кон­сул­дық алым­дар­дың та­риф­те­рі
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­ті
    5.
    Ше­тел­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін тір­кеу және олар­дың са­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­ті
    6.
    Құ­жат­тар­ды сұ­ра­тып алу және сұ­ра­тып алын­ған құ­жат­тар­дың са­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­ті
    7.
    Құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру және оның са­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­ті
    8.
    Аза­мат­тық мә­се­ле­лер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­ті
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шет ел­дер­де­гі ме­ке­ме­ле­рі­нің де­ректе­рі (ме­кен­жайы, сайт/элек­трон­дық по­шта­сы, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­тел­де­гі ме­ке­ме­сі бас­шы­сы­ның аты-жө­ні)
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Адам ре­сур­ста­ры де­пар­та­мен­ті
    10.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның, ве­дом­ства­лық ба­ғы­ны­шты ұй­ым­да­ры­ның тіз­бе­сі
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Адам ре­сур­ста­ры де­пар­та­мен­ті
    11.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің ұй­ым­дық құ­ры­лы­мы
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Адам ре­сур­ста­ры де­пар­та­мен­ті
    12.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гін­де аза­мат­тар­ды қа­был­да­удың кесте­сі (қа­был­да­у­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) және ла­у­а­зы­мы, қа­был­дау кү­ні мен уа­қы­ты, қыз­мет­тік те­ле­фо­ны)
    Тоқ­сан сай­ын
    Ке­зек­ті тоқ­сан­ның ба­ста­луы­на 15 күн қал­ған­ға дей­ін
    АЖО
    Қам­та­ма­сыз ету және құ­жат ай­на­лы­мы де­пар­та­мен­ті
    13.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы қа­ты­су­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар мен бағ­дар­ла­ма­лар­дың ті­зі­мі (бас­шы­сы, сайт, қыз­мет тү­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның осы ұй­ым­ға кі­ру мер­зі­мі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы өкіл­дік­тер­дің ме­кен­жай­ла­ры мен бай­ла­ны­ста­ры)
    Жыл сай­ын
    20 ақ­пан
    АЖО
    Кө­п­жақ­ты ын­ты­мақ­та­стық де­пар­та­мен­ті
    14.
    Ин­ве­стор­лар үшін мем­ле­кет­тік және өзге де қыз­мет­тер­ді ұсы­на­тын және сүй­е­мел­дей­тін фронт-офи­стар ту­ра­лы де­ректер (ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фо­ны, элек­трон­дық по­шта, сайт)
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Ин­ве­сти­ция ко­ми­те­ті
    15.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2016 жы­л­ғы 14 қаң­тар­да­ғы № 13 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тің ба­сым түр­ле­рі­нің тіз­бе­сі
    Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    Ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту сәті­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні ішін­де
    АЖО
    Ин­ве­сти­ция ко­ми­те­ті

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.