Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2015 ж.

    Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 10 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына және 2015 жылғы 11желтоқсандағы № 02-16/747 «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, «Үштөбе», «Өзен», «Қарамолла» қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында ірі қара, ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитариялық іс – шараларды жүргізуіне байланысты, Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, «Үштөбе», «Өзен», «Қарамолла» қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында бекітілген шектеу іс-шарасын тоқтатылып және Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйегіндегі № 238 «Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Кызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, «Үштөбе», «Өзен», «Қарамолла» қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізімінде 2014 жылғы 14 қыркүйегінде № 2753 болып тіркелген), «Қарқаралы» газетінің 2014 жылғы 27 қыркүйегінде № 77-78 (11304) санында жариланған қаулының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы А.Ж.Қасымовқа жүктелсін.

    Қарқаралы ауданының әкімі

    К.М. Максутов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.