Астана қаласының жекелеген санаттағы азаматтарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Астана қаласының жекелеген санаттағы азаматтарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

    «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. 2016 жылы Астана қаласы азаматтарының мына санаттарына:

    26 сәуiрге - (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күні) - Чернобыль атом электрстанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға 80000 (сексен мың) теңге, олардың жесірлеріне 50000 теңге (елу мың) теңге мөлшерінде;

    9 мамырға (Жеңіс күні) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 850000 (сегіз жүз елу мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.

    2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы

    М. Шекенов

    Астана қаласы мәслихатының хатшысы

    Ж. Нұрпейісов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.