Қарағанды қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласының келесі көшелері:
40 лет Октября көшесі – Рақымжан Қошқарбаев көшесі;
Шахтостроительная көшесі – Сопыжан Ашляев көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін.
3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі
Н. Әбдібеков
Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы
Н. Дулатбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.