Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы 24/8-V «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8-V «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8-V «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3209 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінің 2014 жылы 04 сәуірдегі № 14 санында жарияланған)келесі өзгерістер енгізілсін:

    шешім атауы келесі редакцияда жазылсын:

    «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, тиеп шығаруға, көмуге және жоюға тарифтерді бекіту туралы»;

    бірінші тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:

    «1. Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жаратудың келесі тарифтері бекітілсін:».

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    О. БЕЛЯЕВ

    Қалалық мәслихат хатшысы

    И. ПАНЧЕНКО

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.