Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 10 ақпандағы №11/137 «Ойын бизнесі түрлерінен алынатын базалық салық ставкаларының мөлшері туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, сонымен қатар Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 12 ақпандағы №10-11-489 ақпараттық хатының негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 10 ақпандағы №11/137 «Ойын бизнесі түрлерінен алынатын салық ставкаларының мөлшері туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылы 12 наурызда №11-5-71 болып тіркелген, аудандық «Жаңа өмір» газетінің 2009 жылғы 08 сәуірдегі №18 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2.«Маңғыстау аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (Е.Қалиев) осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
А.Ордабаева
Аудандық Мәслихаттың хатшысы
А.Сарбалаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.