Талап ауылындағы Советская көшесін Дүйсенбек Бектепбергеновтің көшесі деп қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 наурыз 2016 ж.

    Талап ауылындағы Советская көшесін Дүйсенбек Бектепбергеновтің көшесі деп қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып Талап ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Жезқазған қаласы, Талап ауылындағы Советская көшесі Дүйсенбек Бектепбергеновтің көшесі деп қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

    Әкім

    Ғ.Битенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.