Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 - бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, Шарбақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Лебяжі ауданының Шарбақты ауылдық округі Шарбақты ауылының «Святілғазы» шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі
Т. Қасенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және
Қадағалау Комитетінің Лебяжі аудандық
Аумақтық инспекциясының басшысы
Ғ. Сагалов
2016 жылғы «20» сәуір
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.