Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 252/36-5 «Целиноград ауданында тұратын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында тұратын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 252/36-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4441 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өтініш беруші «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбе бойынша құжаттарды ұсынады;».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы
Б. Ибраев
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Жанбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
М. Тәткеев
28.03.2016
«Целиноград ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р. Ғабдуллина
28.03.2016
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.