Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 5С-37/6 «Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 5С-37/6 «Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. «Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 5С-37/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4750 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірдегі «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    кіріспедегі «387» саны «386» санымен ауыстырылсын;

    1, 2 тармақтарындағы «пайдаланылмайтын» деген сөзі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын.

    2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихатсессиясының төрағасы

    В. Козейчук

    Қалалық мәслихаттың хатшысы

    Ғ. Көпеева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Степногорск қаласының әкімі

    Ә. Күмпекеев

    «Қазақстан Республикасы Қаржы

    министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер

    комитеті Ақмола облысы бойынша

    Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік

    кірістер басқармасы» Республикалық

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    С. Қойшыбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.