Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 сәуір 2016 ж.

    Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1, 43-1 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мәртөк ауыл аймағы әкімінің 2008 жылғы 29 карашадағы № 1 «Мәртөк ауыл аймағына қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3-8-71 болып тiркелген, 2009 жылдың 7 қаңтарында аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Ж. Қаржауовқа жүктелсін.

    Мәртөк ауылдық округі әкімі

    М. Ауелбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.