Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 274/40-5 «Целиноград ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 274/40-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Целиноград ауданының шекараларында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»;
көрсетілген шешімге кіріспеде «387-бабы 1-1-тармағына» сөздері «386-бабы 5-тармағына» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы
Б. Ибраев
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Жанбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
М. Тәткеев
28.03.2016
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Целиноград ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Жантеміров
28.03.2016
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.