Үржар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 заңының 27-бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 540 «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 7 желтоқсанда № 4261 тіркелген, «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 160-161 және 2016 жылғы 21 қаңтарда № 10-11 жарияланған);
2) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «2015 жылға Үржар ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2015 жылғы 10 ақпанда № 3672 болып тiркелген, «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде 2015 жылғы 23 ақпанда № 29 жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданы әкімінің міндетін атқарушы
Қ. Сейтқанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.