Қызылорда қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласының мына көшелері:
1) Қармақшы көшесі «Әлімхан Науанов» есімімен;
2) «Сәулет-24» көшесі «Әділбай Дәуітбаев» есімімен;
3) «Сәулет-18» көшесі «Ағайынды Бозжановтар» есімімен;
4) «Сәулет-10» көшесі «Ерденбек Ниетқалиев» есімімен;
5) «Сәулет-23» көшесі «Сражадин Айтуаров» есімімен;
6) «Сәулет-29» көшесі «Жұмабай Сарыбаев» есімімен;
7) «Сәулет-26» көшесі «Қаржаубек Жарқымбеков» есімімен;
8) «Сәулет-16» көшесі «Ағайынды Смағұловтар» есімімен;
9) «Сәулет-15» көшесі «Нұрғали Оспанов» есімімен;
10) «Сәулет-25» көшесі «Сәдуақас Қараманов» есімімен қайта аталсын.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі
_______________ Қ.Көшербаев
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 2-сессиясының төрағасы
______________ Р.Ысқақова
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы
____________ Н.Байқадамов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.