Дайыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 03 маусымдағы «Дайыр ауылдық округіндегі Дайыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №1 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 сәуір 2016 ж.

    Дайыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 03 маусымдағы «Дайыр ауылдық округіндегі Дайыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №1 шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

    1. Дайыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 03 маусымдағы «Дайыр ауылдық округіндегі Дайыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4027 нөмірімен 2015 жылғы 13 шілдеде тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 67 санында жарияланған) № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

    Дайыр ауылдық округінің әкімі

    Б. Балғабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.