Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 шілдедегі «Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 3/44 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 сәуір 2016 ж.

    Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 шілдедегі «Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 3/44 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабы 1-тармағының 92) тармақшасына сәйкес, Лебяжі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:     

    1. Аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі «Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 3/44 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4649 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамыздағы аудандық «Аққу үні» - «Вести Акку» газетінде № 32 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің кіріспесінде «387-бабының 1-1 тармағына» сөздері мен сандары «386-бабының 5-тармағына» сөздері мен сандары мен ауыстырылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық сектор, экология, энергетика, көлік және байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    А. Шаймарданов

    Аудандық мәслихат хатшысы

    С. Мүсінова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.