"Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу" жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 337 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 сәуір 2016 ж.

    "Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу" жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 337 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне «электрондық үкімет» веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу» жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 2 қарашадағы 337 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7331 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 12 (27083) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;

    2) осы бұйрықты мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Министрдің міндетін атқарушы

    А. Рау

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.