«Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 306 шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 306 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5196 болып тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 2015 жылғы 31қазандағы № 164-165 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 44-сессиясының төрағасы
К. Медет
Қызылорда облыстық мәслихаты хатшысының уақытша міндетін атқарушы
Қ. Бисенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.