"Қызылорда олысы аумағында құрылыс салу Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 шілдедегі № 282 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 ақпан 2016 ж.

    «Қызылорда облысы аумағында құрылыс салу Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 шілдедегі № 282 шешімінің күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қызылорда облысы аумағында құрылыс салу Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 шілдедегі № 282 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5081 болып тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 2015 жылғы 6 тамыздағы 115 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.

    Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясының төрағасы

    М. Кәрім

    Қызылорда облыстық мәслихаты хатшысының уақытша міндетін атқарушы

    Қ. Бисенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.