Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2015 ж.

    Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 тамыздағы «Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі №7-3 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №16-2 шешімі (Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2009 жылы 9 қыркүйекте №7-4-90 тіркелген) күші жойылды деп танылсын;

    2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы «Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі №7-3 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №10-2 шешімі (Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2008 жылы 12 желтоқсанда №7-4-78 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    Сессия төрағасы

    Н.Жаңғалиев

    Мәслихат хатшысы

    Е.Таңатов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.