Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 08/01 "Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 наурыз 2016 ж.

    Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 08/01 "Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 08/01 "Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3141 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде № 17-18 (7491-7492) "Тоқырауын тынысы" газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Қ. Әмірғасымға жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Н.И.Омарханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.