«Ауданның коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілеу туралы» 2014 жылғы 08 шілдедегі № 188 аудан әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауданның коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 11 тамызда № 2904 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 тамыздағы № 38 «Нұрлы ел», «Кызылту» аудандық газеттерінде жарияланған) аудан әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 188 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Б.Хасенеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.