«Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 20 қазандағы № 292 аудан әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қаңтар 2015 ж.

    «Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 20 қазандағы № 292 аудан әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары Г.Қожахметованың 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 04-06/98 хаты негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 қарашада № 2989 болып тіркелген, 2014 жылғы 08 желтоқсандағы № 54 «Кызылту» аудандық газетінде жарияланған) аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 292 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    Аудан әкімі

    А. Төрегелдин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.